$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте мешіт маңында 14 жасар баланы атып өлтірген күдікті ұсталды

Кеше Шымкенттегі Ворошиловка елдімекенінде орын алған атыстың салдарынан 14 жасар жеткіншектің қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін осы қылмысқа қатысты полицейлер бір күдіктіні қолға түсіргенін хабарлады.

Айта кетейік, мешіт маңында болған атыс салдарынан үш адамға оқ тиген. 2003 жылғы бала көз жұмса, 1995 және 1999 жылғы екі бала дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктілердің төрт адам екенін айып отыр. Олардың бірін бүгін таңертең полицейлер Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағынан ұстаған. 1991 жылғы ер азамат бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Ал, қалған үш күдіктіге іздеу жарияланды.

Анықталғандай, күдіктілер де, жәбірленушілер де көрші болған. Арадағы ерегіс өзара келіспеушіліктен орын алған дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары