$ 498.51  522.84  4.81

Шымкентте мешіт маңында атыс болып, жеткіншек бала қаза тапты

Шымкенттегі мешіттердің бірінің маңында болған атыстан жеткіншек бала қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Ворошиловка аталып кеткен шағынаудандағы мешіттің жанында орын алған. Атыс салдарынан екі ер азаматтың ауруханаға жеткізілгені белгілі болып отыр. Қазіргі таңда олар дәрігерлердің тексеруінен өтуде. Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы меңгерушісінің айтуынша, науқастардың екеуі де кеуде тұсынан және жамбастан жараланған, яғни бытыра тиген. Екеуі де есін біледі.

Полицейлер де атыстың болғанын астап отыр. Тәртіп сақшылары ауруханаға тек екі адамның жеткізілгенін айтуда. Жараланған жеткіншек қайтыс болған. Оның жасы шамамен 14-те дейді ОҚО ІІД өкілдері.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Оқиға орнында шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Атысқандардың мешіт жамағатына қатысы бар-жоғы әлі айтылған жоқ, тергеу барысында анықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары