Әлеуметтік желіде BI Group компаниясы салған тұрғын үйден пәтер сатып алып, сапасына шағымданған тұрғынның видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео авторының айтуынша, танымал құрылыс компаниясы салған үйдің сапасы өз бағасына сай емес.
Бұл - «Талан» тұрғын үйінің іші. Үйдің иесі ішін толық өзгертті. Қабырғаларын алып тастады. Себебі қабырғалары өте сапасыз. Дыбыс өткізбейтін арнайы материалдардың барлығын өзі, өз қаражатына жасатқан. Көрші пәтер арасындағы қабырғаның қалыңдығы бар болғаны - 10 cантиметр. Бұл бөлмелер арасындағы қабырға емес, келесі көрші тұрған пәтердің қабырғасы!, - деп шағымданды ол.