$ 498.34  519.72  4.85

Тек мешітте неке қиып отау құрған қаншалықты дұрыс: Имам жауап берді

Себебі, некелесудің арғы жағында үлкен жауапкершілік, зор талап, өмірлік ұрпақ тұрады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Әлемжеліде белсенді, Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов некені мешітте қиғызуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Имамның сөзінше, неке Қазақстан заңнамасына сай болуы үшін АХАТ бөліміне тіркелу қажет. Ал мешітте неке қиғызу бұл рәсімнің баламасы бола алмайды. 

Елімізде мешіттерде жүргізілетін діни неке қию рәсімі діни жоралғылардың санатына жатады. Қиылған некені куәландыратын неке куәлігі некелесушілерге тек естелік ретінде ғана беріледі. Ол куәлік Қазақстан Республикасы, АХАТ бөлімімен берілетін неке құжатына тең келетін дәрежедегі заңды күшке ие емес. Осыған орай, еліміздегі барлық мешіттердегі неке қию рәсімі тек қана АХАТ бөлімінің тіркеуінен кейін жүргізіледі. Себебі, некелесудің арғы жағында үлкен жауапкершілік, зор талап, өмірлік ұрпақ тұрады, – дейді Нұрлан Асанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары