$ 443.37  474.49  4.83

«Футболдарың мен үшін түк емес»: Қуат Хамитов ұлттық құрама ойыншыларын сынға алды

Күндіз-түні ауыр жұмыста жүріп, сендерге берілген ақшаны өтей алмайсыңдар! Сендерге қарапайым адамдардың миллиардтаған теңгесі кетті.
Фото: instagram/kuat__khamitov
Фото: instagram/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов Еуро-2024 чемпионатына іріктеу кезеңінің 8-турында Финляндияны жеңген Қазақстан құрамасына қатысты ойын айтты. Спортшы отандастарын сынға алған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуат Хамитов ұлттық құраманың жеңісіне қатысты өткір пікірін Instagram желісінде білдірген.

Жігіттер, сендер не істеп, кімді және қалай жеңсеңдер де, азаппен келген ақшаны ешқашан қайтара алмайсыңдар. Күндіз-түні ауыр жұмыста жүріп, сендерге берілген ақшаны өтей алмайсыңдар! Сендерге қарапайым адамдардың миллиардтаған теңгесі кетті. Бірақ сендерде әлі де мүмкіндік бар. Әлем немесе Еуропа чемпионы болыңдар, сонда осы жылдар бойы азап шеккен халықтың маңдай терін өтей аласыңдар. Сол кезде құрметтеуге болады. Ал әзірге мен үшін сендердің футболдарың түк емес. Осымен бұл тақырыпты жабайық, - деп жазды спортшы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары