$ 444.14  477.05  4.85

Елімізде алимент төлемеген 1600-ден астам адам іздестіріліп жатыр

Олардың ішінде 1476 адам ер адам және 142 әйел адам бар.
Фото: prokuror.gov.kz UGC
Фото: prokuror.gov.kz UGC

Бас прокуратура Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адамның іздеуде жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сүйенсек, іздеу салынғандардың ішінде 1476 адам ер адам және 142 әйел адам бар.  

Белгілі болғандай, іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар. Іздеу салынғандардың көп бөлігі:

Астана – 361;
Алматы – 191;
Ақтөбе – 143;
Қостанай – 140;
Жамбыл – 140;
Павлодар – 108;
Алматы – 102;
Маңғыстау - 59 облыстарынан.  
2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).  

Айта кетерлігі, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.  

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең көп бөлігі : Маңғыстау – 46, Алматы (о) – 45, Қостанай – 44, Шығыс Қазақстан – 43, Павлодар – 40, Қарағанды – 35, Абай – 32, Ақмола – 26, Солтүстік Қазақстан-21, Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген, - дейді мамандар.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталған. Оның і шінде:  

4-уі – бас бостандығынан айырылды;
2-уі – шартты түрде сотталды;
196-ы – бас бостандығын шектетілді;
5-уі – қоғамдық жұмыстарға тартылды.  
Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.

Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады. Оның ішінде:

291 886 атқарушылық іс - балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;
773 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;
4 506 атқарушылық іс - еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын)  күтіп-бағу өндірістері болды.
Сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде - тұлғаның тегі, аты - жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып табылатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексере алады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары