$ 443.35  475.54  4.82

Құда түсуге формамен барған полиция қызметкері өз әрекетімен көпшілікті тәнті етті

Белгілі болғандай, лейтенант Мамедовтың іс-әрекетінде бұзушылықтар болмаған, ол өзінің түскі үзілісін пайдаланған.

15 қазанда Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында өзінің қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалыңдығының үйіне күйеу жігіт полиция формасымен барған.

Осындай ерекше күнде нысанды киімде болу мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені мен бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта мен балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсететін боламын, - деді жас офицер.

Белгілі болғандай, лейтенант Мамедовтың іс-әрекетінде бұзушылықтар болмаған, ол өзінің түскі үзілісін пайдаланған.

Қызмет етіп жүргеніне қысқа мерзім болғанына қарамастан, учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды, ол әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды, - деп атап өтті Шу АПБ бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов.

Желі қолданушылары болашақ жас отбасына баянды махаббат пен мол бақыт, қиын да жауапты қызметте сәттілік тілеп, жылы лебіздерін жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары