$ 442.05  474.14  4.74

«Мемлекетте жемқорлық тоқтамаса, мектепте ақша жинау тоқтамайды» – Аятжан Ахметжан (ВИДЕО)

Әділетсіздік көрсе қарап қалмайтын азаматтың айтуынша, педагогиканы шоуға айналдыруға болмайды.

Белгілі ұстаз, ұлт жанашыры Аятжан Ахметжан Қазақстандағы білім беру жүйесі, мектептегі жемқорлық туралы пікірін білдірді. Оның айтуынша, мектептерде жемқорлық жойылмай, елімізде жемқорлық жойылмайды. Бұл туралы ол «Qasqa Jol» ютуб-каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әділетсіздік көрсе қарап қалмайтын азаматтың айтуынша, елдегі жемқорлықты мемлекет пен мектептен бөлек қарастыруға болмайды. Себебі екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. 

Білім саласын бүкіл мемлекеттік саладан бөліп алып қарастыруға болмайды. 
Егер бүкіл мемлекетте жемқорлық бар ма, онда білім саласында жемқорлық болады. Мектепте ақша жинау тоқтамайды, егер мемлекетте жемқорлық тоқтамаса. Екеуі бір-бірімен тұтас дүние. Бірі бірінің салдары. Мемлекетте жемқорлық болса, онда мектепте де бар. Білім саласында да жемқорлық бар. Толып жүр. Кей өңірлерде жалақы көтерілуіне байланысты мектепке жұмысқа тұрудың ставкасын естісең, жағаңды ұстайсың. Денең түршігеді. Мен бір облысқа барып мұғалім қабылдасам, бір жекеменшік мектепке жұмысқа тұрудың ставкасы 800 мың дегенді естіген кезде өзім шалқамнан түстім. Сондықтан ол жекеменшік мектеп қалай сапа шығарады? Өзіне кадрды ақшамен алса. Сондықтан тұтас қоғам жемқорлықтан арылмаса, мектеп жемқорлықтан арылмайды, - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары