$ 494.87  520.65  4.91

«Дәстүр ме, әлде келінді құлдай көру ме»: Желіде тараған келіндердің видеосы қызу талқыға түсті

Кадрлардан әйелдің қонақтар отырған дастарханды жинап, ет салынған ыдысты иіліп сәлем салып алып кеткенін байқауға болады.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандықтар желіде тараған келіндердің видеосын қызу талқыға салуда. Онда туысқандарының келінге деген қарым-қатынасы көрсетілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан әйелдің қонақтар отырған дастарханды жинап, ет салынған ыдысты иіліп сәлем салып алып кеткенін байқауға болады. Желі қолданушыларының бір тобы келіннің дастарханды жалғыз жинап жүргеніне, ал басқалардың үнсіз шай ішіп, әңгімелесіп отырғанына теріс пікір айтса, енді бірі мұнда ешқандай әбестік жоқ дейді. 

"Дәл осылай күйеу баланың иіліп сәлем салғанын көрмедім. Келін сәлем салатын болса, күйеу бала да қыздың ата-анасына сәлем салсын", "Осындай енелердің кесірінен Қазақстанда ажырасу көбейіп жатыр",  "Жаман ештеңе көрмедім. Бұл құрмет", "Өте дұрыс. Үлкеннен бата алу қазір де бар. “Қызметші сияқты ұстайды, бұл қорлау” дегендер кішкене көздеріңді ашып, салт-дәстүрді оқыңдар", "Мынадай енеден Құдай сақтасын", "Салт-дәстүр екенін түсінем, бірақ бұл қорқынышты. Құл секілді көретін сияқты, – деді желі қолданушылары. 

Видеоның желіде позитивті түрде таралуы жағымсыз реакция тудырды. Сіздің ойыңызша бұл дәстүр ме, әлде келінді құлдай көру ме?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 122
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары