$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да 5 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды

Өскеменде 5 жасар бала әжесін өлімнен құтқарып қалды. Немересін қонаққа ертіп келген 76 жастағы қарт әйел оңаша қалғанда жүрегі ауырып, инсульт алған. 5 жасар Әлижан болса еш саспастан далаға жүгіріп шығып, ересектерді көмекке шақырыпты. Дер кезінде жеткен жедел жәрдем қызметкерлері әжейді өлімнен арашалап қалды деп жазады "Устинка LIVE".

Жамалтай Мәкебаева немересін ертіп Үржардан Өскеменге туыстарына қыдырып келген. Үйде немересі екеуі жалғыз қалғанда әйелдің жүрегі ауырып, аяқ-қолынан жан кетіпті. Көз алдында сұлап түскен әжесін көрген Әлижан еш саспастан туыстарына телефон соға бастаған. Алайда, бұл әрекетінен түк шықпаған соң ол далаға жүгіріп шығып, ересектерді көмекке шақырыпты. Баланы бірінші болып көршісі естіп, жедел-жәрдемге хабар берген.

"Апамыздың миына қан құйылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, егер тағы аз уақытқа кешіксе оның аман қалуы екіталай болған. Егер Әлижан болмаса жағдай мүлдем қайғылы аяқталар еді", - жейжі Жамалтай әжейдің үлкен немересі Мадияр Қалиев.

76 жастағы зейнеткер қазір өзіне келген, жағдайы бірқалыпты. Емін ол ауруханада жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары