$ 442.05  474.14  4.74

Мереке күндері 398 қосымша вагон жолға шығады

Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Наурыз мерекесі және мейрам алдындағы күндері жолаушылар санының ұлғаюына байланысты қосымша пойыздар мен вагондар қосады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:

 «Астана-Алматы-1» бағыты бойынша № 201/202 пойызы, 4 рейс;

«Астана-Шымкент» бағыты бойынша № 203/204 пойызы, 3 рейс;

«Ақтөбе-Шымкент» бағыты бойынша № 205/206 пойызы, 2 рейс.

Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Пойыз қозғалысының кестесі бойынша толық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша, «KTZH_PP_BOT» телеграм-боты арқылы алуға болады, сондай-ақ @jolaushylar_tasymaly ұлттық тасымалдаушысының парақшасынан танысуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары