Оқиғадан кейін алғашқы екі күн бәріміз жан күйзелісінде болдық.
Жақында “Хабар” арнасының жабылып қалған "Бірақ..." ток-шоуының шулы эпизодының құрбаны болған Гүлмира Смаилова қазіргі жағдайы туралы, айтты деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль Гүлмираның өз-өзін жинап, қайтадан жұмысына кіріскенін хабарлады.
"Ол оқиғадан бері бес күн өтті. Гүлмираны бірі қолдаса, енді бірі әртіс деп айтып жатыр. Кейбірі оның қазіргі жағдайы мен қайда екенін сұрап жатыр. Сондықтан ел алдына шығып мәлімдеме жасауды жөн көрдік. Оқиғадан кейін алғашқы екі күн бәріміз жан күйзелісінде болдық. Келесі екі күнде өзімізбен жұмыс жасап, Гүлмира психологпен сөйлесті. Қазіргі таңда жұмысына қайта кірісті. Ол қандай жағдай болмасын өз ісіне өте тиянақты әрі жауапты.
Осы бес күн ішінде баспанамызға 4 әйел, 6 бала келді. Оларға көмек көрсетілуде, мамандар жұмыс жасауда. Бізді әлеуметтік желіде қолдағандардың бәріне алғыс айтамыз. Қолдау ісімізге қайта кірісіп, сенімімізді жоғалтпауға көп көмегін тигізді. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Біздің болашағымызға әрқайсыңыз өз үлестеріңізді қоссаңыздар", – деді Анна Рыль.
Ал Гүлмира Смаилова аз уақыт күйзелісте болғанын, алайда қазір жақсарып келе жатқанын айтты. Ол өзін қолдағандарға алғысын білдірді.