18.04.2024, 11:00

СҚО-да көлікті мас күйде жүргізген шенеунік сотталды

Фото: Pixabay

Ол өз кінәсін мойындамағанымен, мемлекеттік айыптау қылмысын дәлелдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында көлікті мас күйде жүргізіп ұсталған мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, оқиға 20 наурызда болған. Мемлекеттік қызметші көлікті мас күйде басқарып, рульге ие бола алмай жол апатын жасаған. Салдарынан қасындағы жолаушы зардап шекті. 

Істі Тимирязев аудандық соты қарады. Ол өз кінәсін мойындамағанымен, мемлекеттік айыптау қылмысын дәлелдеді. Сот прокуратураның пікірімен келісіп, оны 6 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген.