Үндістанда қатерлі ісікке тұмау сияқты қарап, емдейді, дейді ол.
Кәсіби коуч, халықаралық дәрежедегі парапсихолог, дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Qasqa Jol YouTube арнасының кезекті шығарылымында қатерлі ісік дем салу арқылы емделетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, медицина тұрғысынан қарағанда да қатерлі ісік емделетін аурулар санатына жатады.
"Үндістандық дәрігерлер Қазақстаннан барған науқастарға таңғалады екен, "неге сендер шошисыңдар, біз қатерлі ісікті тұмау сияқты емдейміз" деп. Тұмауды да ерте емдесең ерте жазылады, кеш емдесең кеш жазылады. Бұлда сол сияқты деп қарайды екен. Жалпы әлемдік тәжірибеде егер алғашқы үш кезеңінде болса емделеді", - дейді парапсихолог.
Дінтанушы парапсихология тұрғысынанан, дем салу тәжірибемізде қатерлі ісік дем салудан жоқ болып кеткен жағдайлар көп болғанын атап өтті.
"Айқын мысал айтайын, сүйек қатерлі ісігі диагнозымен келген қолы бүгіліп қалған келіншек болды, бізден бұрын менмін деген имамдарға барып дем салдырған, бірақ ешқандай әсері болмаған. Бізге демсалдыруға келген соң мамыражай, жаным рахаттанды деген күйде отырып тыңдады. Екінші күні секілдеп, денесіндегі бүкіл ауыртпалықтар шықты, сол кезде қолы кішкене ашылып, ал үшінші күні келгенде қолы толығымен жазылды. Бір жыл бойы бүгілген қол жазылды. Ол қыздың қолын иықтан кеспекші болған. Өйткені сүйек рагының емі жоқ, бүкіл ағзаға тарайды деп кескелі жатқан.
Дінтанушының сөзінше, қыздың ауруы қандай да бір рак клеткалары емес, оны қоздырған мүгедектікке жасалған дуа себеп болған. Яғни дуа рак клеткаларын қоздырған. Дуаның сондай да жаман әсерлері болады.