$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Мемлекеттік Туды жабын ретінде пайдаланған көлік көшелермен жүріп өтті

Әлеуметтік желілерде үстіне брезент қаптың орнына Мемлекеттік Туды жауып алып, қала көшесімен жүрген ауыр жүк көлігінің әрекеті қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Nur.kz.

Фотоны осыдан бір ай бұрын Марат Оралғазин есімді шоумен, әзілкештердің бірі Instagram желісіне салған. Суретте көліктің Алматының көшелерімен жүргені, қандай көшлік екені және мемлекеттік нөміріне дейін көрініп тұр.

«Бұлай болмайды ғой! Өз басым мұны қорлау деп санаймын! Менің елімнің мемлекеттік нышаны неге жүк көлігінің жабыны ретінде қолданылуы тиіс? 102-ге қоңырау шалдым. Тиісті шара қабылданады деген үміттемін» деп пікір қалдырған болатын ол суретіне. Оның айтуына қарағанда, әзірге ІІД-нен ешқанадй хабар жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары