$ 494.87  520.65  4.91

Қытайға оқуға кеткен студенттер «КВН» ойнай бастады

Қытайдағы қазақстандық студенттер «Жайдарман» немесе «Қазақша КВН» жобасын «Alemzhastary.kz» бірыңғай жаһандық студенттер желісі арқылы іске қосуды ұсынып отыр. Аталған желі бүгін шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ІІІ слетінде таныстырылған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Нұр Отан» партиясы ресми сайтының жазуынша, жоба шетелде білім алып жатқан қазақстандық жастарға  арналған.

Жоба авторы, Қытай студент жастарының көшбасшысы Тілектес Адамбековтың айтуынша,  олар биылдың өзінде Қытай Халық Республикасының 5 қаласында қазақстандық студенттер арасында осындай ұлттық әзіл-қалжың турнирін өткізіпті. Оған 500-ге жуық жас қатысқан.

– Қытайда Қазақстаннан барған 10 мың студент оқиды. Алайда, басқа елде бұл жастар жастар саясатымен шұғылданбайды. Сондықтан Шанхайда «Жайдарманды» өткізу біз үшін өте маңызды болды. Біз мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келді. Жастарды қазақ тілінде сөйлеуге қызықтырсақ дедік. Мұның ең жақсы тәсілі – қалжың болмақ. Егер кімде-кім мемлекеттік тілде қалжыңдай алатын болса, демек ол өз ойын мемлекеттік тілде жақсы әрі түсінікті етіп жеткізе алады деген сөз, – дейді идея авторы, Қытайдағы студенттер ұйымының жетекшісі Тілектес Адамбеков.

Жоба авторларының идеясы – «Жайдарман» жобасын әрбір елде іске қосып, әрбірінде қазақ тілін жетік білетін чемпиондарды анықтау. Әрі олардан халықаралық «Жайдарман» құрамасын жасақтау.

– Әр елдердің чемпиондары келесі жылғы өтетін Слетте өнер көрсетсе деп ойға алып отырмыз. Бұнан кейін шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер арасында «Жайдарман» Чемпиондар лигасын құру. Ал шетелде жергілікті КВН лигасын құру ойда бар.  Жеңімпаз команда Қазақстанның КВН Жоғары лигасына қатысатын болады, – деді өз жоспарымен бөліскен Тілектес Адамбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары