$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандағы орташа жалақы көлемі 124 мың теңгеден асты

2014 жылдың маусым айында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 124 мың 780 теңге болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 13,5 пайызға көп, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

— Астанада, мысалы, ол - 182 мың теңге, Алматыда - 158 мың. Жоғары жалақы Маңғыстау (222 мың теңге), Атырау (221 мың теңге) облыстарында да қалыптасып отыр. Өндіруші салалар болғандықтан, орташа айлық жалақының жоғарылығы таңданарлық жайт емес, — деді Әлихан Смайылов.

Оның  айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында орташа айлық жалақы мөлшері - 85 мың теңге, Қостанай облысында - 92 мың теңге, Алматы облысында - 94 мың теңге, Жамбыл облысында - 85 мың теңге.

— Ауыл шаруашылығы өндірісі басым өңірлерде, жалақы мөлшері ел бойынша орташа деңгейден айтарлықтай төмен, — деп атап өтті Статистика комитетінің төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары