Павлодарда нан-тоқаш комбинаты «Тау нан» әлеуметтік нанға бағаны 47 теңгеден 54 теңгеге дейін көтерді, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Сауда үстемесімен дүкендерде бұл бірінші сұрыпты нанның құны 60 теңгеге дейін және одан да жоғарыға қымбаттады.
ПНТК ЖШС қала әкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын 18 тамыздан бастап нан бағасы көтерілетіні жайлы хабардар етті. Кәсіпорынның бұл нанды пісіруде ай сайынғы шығындары бар, енді бұдан әрі мұндай режімде жұмыс істей алмайды.
Әкімдік пен өндіруші арасында жасалған меморандум бойынша комбинат өнімін босату бағасы 47 теңгені құрауы тиіс және арзан ұн жеткізілетін келесі астық жиналғанға дейін тұрақты болуы қажет.
Алайда мазут пен электр энергиясының құны өскен кезде арзан ұн да шығысты жаппайды.
Еске сала кетейік, 20 маусымда нан комбинаты нан құнын өсірмек болған, жаңа бағамен бір күн ғана сатылып, қайта бұрынғы бағаға төмендеген болатын. Ол кезде облыс басшылығы кәсіпорынды бағаны көтермеуге көндірген, арзан ұн жеткізуге уәде берген. Бұл шара алайда жеткіліксіз болғанға ұқсайды.
НТК нан пісіру бойынша монополист болып табылмайды. Облыс орталығында 20 наубайхана жұмыс істейді, олар өнімдеріне баға көтермеді. Осылайша, қалалықтар қандай нан, қандай бағаға сатып алу жағын өздері шешеді.