$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық қоғамдық ұйымдар Владимир Школьникті қызметінен босатуды талап етуде

Бүгін, яғни 03 қыркүйек күні қоғамдық ұйым жетекшілері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қоғамдық ұйым жетекшілері мәлімдегендей, хатта Президенттен ҚР Энергетика министрі Владимир Школьникті қызметінен босатуды, Қазақстанда АЭС салуға мораторий жариялауды, Байқоңыр ғарыш айлағынан гептил отынын пайдаланатын Протон зымыранын ұшыруды тоқтатуды, басқа мемлекеттердің Қазақстанның ішкі ісіне араласпауын қамтамасыз етуді, шет елдің мүддесіне жұмыс істейтін адамдарды басшылық қызметке жолатпауды талап етеді.

«Қоғамдық ұйым жетекшілері Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабына сәйкес, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық екенін және оның 33-бабындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өзі тікелей жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар екенін ескере отырып, осы шараға барлығыңызды қатысуға шақырып отыр», делінген хабарламада.

Мәлімдемеге 30 дан аса қоғамдық ұйымдар, 500 ге жуық жеке тұлғалар қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары