5-14 қыркүйек аралығы Қошкарбаев көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі мәлімдегендей, құрылыс-монтаждау жұмыстары «ТМ-18 жылу магистралін қалпына келтіру» жобасы аясында қолға алынады.
«Бұл жылумен қамту сенімділігін арттыруға және жаңа құрылыс нысандарын жылу энергиясына қосуға, сондай-ақ, тозығы жеткен магистральдік желілердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.