$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Орта Азия зерттеушілері «Горизонт-2020» бағдарламасын талқылауда

Алматыда еуропалық грант байқаулары жөнінде семинар және инновация мәселелері бойынша халықаралық тренинг өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оған Қазақстан мен Орта Азиядан 60-тан астам зерттеушілер мен өнертапқыштар қатысуда.

Еуроодақ «Горизонт 2020» ЕО Бағдарламасын 2014 және 2020 жылдар аралығына жалпы сомасы 80 млрд. еуроны құрайтын бюджетпен жариялаған болатын. Бұл әлемдегі ең ірі бағдарламалардың бірі. ЕО Жетінші Бағдарламасынан (2006-2013 жж.) айырмашылығы, «Горизонт 2020» бағдарламасы осыған дейін қолданылып келген ғылым, технологиялар мен инновацияларды қаржыландыру тәрізді үш түрлі құралдың басын біріктіріп отыр. Енді «идеядан бастап оны комммерцияландыруға дейінгі» процесс бір бағдарлама аясында қаржыландырылатын болады. Бұдан басқа, жаңа Шеңберлік бағдарламаға қатысу шарттары біршама жеңілдетілді және жобаны қаржыландыруға тапсырылған өтінім енді 18 ай емес, 8 ай ішінде қаралатын болады.

Мұнда негізгі үш басым бағыт анықталып отыр: ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін Ғылыми артықшылық (Excellent Science) бағыты (ЕО бөлінген бюджет шамамен 22,274 млрд. еуроны құрайды), негізгі өнеркәсіп технологияларына инвестициялар тарту үшін Индустриалды көшбасшы (Industrial Leadership) бағыты (15,507 млрд. еуро), денсаулық сақтау, азық-түлік, қуат көздері, көлік және т.б. салалардағы негізгі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін Әлеуметтік қиындықтар (Societal Challenges) бағыты (27,048 млрд. еуро).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары