$ 448.15  483.46  4.86

Жезқазғанның 60 жылдығына «Дискотека Аварияны» шақырды

Алдағы 18-20 қыркүйекте Жезқазған қаласының 60 жылдығы тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабековаға сілтеме жасап.

– Қаланың 60 жылдығын атап өту аясында 18 қыркүйекте «Жезқазған – жүрегімнің Астанасы» атты Жезқазған туралы әндердің республикалық конкурсы өткізіледі. Ал, 19 қыркүйекте «Сүйікті қалам Жезқазған!» атты театрландырылған музыкалы-хореографиялық композиция көрсетіледі. Кеш соңы «Домино», «Ринго» тобы тәрізді Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласады. Сонымен қатар, қазақ күресінен «Жас барыс» облыстық турнирі тәрізді спорттық шаралар да ұйымдастырылады. 19-20 күндері қаланың барлық бөлігінде мерекелік көңіл-күйді қамтамасыз ету мақсатында концерттер мен түрлі конкурстар өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтары аталған шараға қатысу үшін барлық мүмкіндікті жасаудамыз. 20 күні соңы отшашуға ұласатын өнер жұлдыздарының концерті өтеді. Концертке Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, Әсел Сәдуақасова, Дильназ Ахмадиева, Әли Окапов, Қайрат Байекенов, «La-Fresca» тобы, Нұрлан Абдуллин, Нұрлан Өнербаев және ресейлік «Дискотека Авария» тобы қатысады, – деді М.Мырзабекова.

Айта кетейік, Жезқазған қаласы 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған болатын. 1973 жылы Жезқазған жаңадан құрылған Жезқазған облысының орталығы болды. Қала халқы бүгінде 100 мың адамға жуық. Қаланы бүгінгі күні Батырлан Ахметов басқарады. Ал, қала күні 2011 жылдан бастап тұрғындардың тілегі бойынша қыркүйек айында тойланып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары