$ 498.34  519.72  4.85

БҚО мәслихатының депутаты жасаған жол апатынан 2 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Хайдар Қошанов екі адам қаза тапқан жол апатын жасағанын мойындады. Бұл туралы марқұмдардың туыстары хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұл жол апаты 29 наурызда Оралда Жәңгірхан мен айналма жолдың қиылысында таңғы уақытта болған. Полицейлердің жазбасына қарағанда, Toyоta Land Cruiser 200 мінген депутат қосалқы жолақпен келе жатып, басты жолда келе жатқан 22 жастағы Вячеслав Лопухиннің тізгініндегі "Лада Приора" көлігіне жол бермеген. Жеңіл көлікте 63 жастағы әжесі Надежда Кондрашкина да болған.

Жол талғамайтын көлік "Приораны" соғып, бірнеше метрге сүйреп барған. Лопухин мен әжесі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, ал келесі күні қайтыс болған. Депутаттың өзі зардап шекпеді.

"Уральская неделя" басылымының тілшілері Үлкен Шаған ауылындағы Лорухиндер әулетінің үйіне барды. Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Вячеслав әжесін Самарадан үйіне алып келе жатқан. Надежда Кондрашкина зейнетке шықпас бұрын ауылда көп жыл бойы тіс дәрігері болып қызмет еткен.

Вячеславтың әкесі Владимир Лопухин 29 наурызда күндіз облыстық ауруханаға қайын атасы Юрий Кондрашкинмен бірге келгенін, сол кезде олармен Хайдар Қошановпен кездескенін мәлімдеді.

"Өз өзін таныстырып, кешірім сұрады, сосын оқиғаны өз мойнына алатынын айтты. Бүгі оның атынан әйелдер келді, кәсіпорынның есепшілері ғой деймін. Көңіл айтып, ақша беріп кетті", - деді марқұмның әкесі.

Марқұм Надежданың күйеуі Юрий Кондрашкиннің айтуынша, жол талғамайтын көліктің соққысы қатты болған. "Көлікті көргенде, есеңгіреп қалдық. Көліктің жүксалғышында консервтер болған, олар езіліп қалған. Ауруханада дәрігерлер әйелімнің аяқ-қолы сынғанын, ішкі органдарына зақым келгенін және мұндай жарақаттар алған адамды құтқару мүмкін емес екенін айтты", - деп хабарлады ер адам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары