$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда ұлы Абайдың суретін дәретханаға төсеніш еткен

Алматыдағы қоғамдық дәретханалардың біріне төселген төсеніште қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды деп жазады Informburo.kz.

Аталған жайтты куәгерлердің бірі суретке түсіріп, Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының біразы мұны ұлы ақынды қорлау деп білсе, өзгелері төсенішті төсеген адамның надандығын айтуда. Ал, тағы бір қолданушылар аталған дәретхананың Алматыдағы Мұстафин мен Біржан сал көшелерінің аумағында орналасқан сауда орталығында екенін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары