$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда гомосексуалдар қоғамдастығының 1,5 миллион мүшесі бар

Интернет желісінде Kok.team деген атаумен тіркелген қазақстандық гомосексуалдардың қоғамдастығы осындай статистика туралы айтып отыр. Яғни, Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам гей мен лесби бар дейді олар. Бұл туралы гомосексуалдар ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жазған ашық хатында айтқан.

"Жуырда ғана Бас прокуратура жаңа сервисті іске қосты, ол бойынша кез-келген Қазақстан азаматы өзі қатысқан сот процесінде қабылданған сот шешіміне көңілі толмаса, заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс бере алады. Өкінішке қарай, Kok.team редакциясы бұл сервисті пайдалана алмай отыр. Өйткені, Қазақстандағы гейлер, лесбилер және бисексуалдардың қатысуымен өткен сот процестері туралы ақпарат жоқ. Оның үстіне, Қазақстанның заңамаларындағы кейбір құқықтық нормалардың әділетсіз екенін ЛГБ-қоғамдастығына мүше 1,5 миллион азамат мойындап отыр", - делінген аталған хатта.

"Көгілдірлердің" айтуынша, Қазақстан заңнамаларында гомосексуалдардың құқығына нұқсан келтіретін баптар бар көрінеді. Олар Бас прокурордан бүкіл заңдарды тексеріп шығып, "әділетсіздерін" түзетуді сұрап отыр.

Гейлер мен лебилердің "әділетсіз" заң деп отырғаны: гомосексуалдардың ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдануына, некелесуіне, суррогат ана атануына, бала асырап алуларына тыйым салу туралы заңдар.

Олардың пікірінше, адам өсе келе емес, туыла сала гомосексуал болатын көрінеді. Сондықтан "көгілдірлерді" қоғамнан шеттету, құқықтарын таптау әділетсіз деп есептейді Kok.team сайтының редакциясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары