$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері 17 жастағы бойжеткен қызды өлтірді деген күдікпен 1982 жылғы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Криминалды полиция өкілдері шұғыл іздестіру шарасы барысында адам өлтіруі мүмкін күдіктінің қайда екенін анықтады. Аталған қылмысқа қатысы бар деп 1982 жылғы жергілікті тұрғын айыпталып отыр. Қазіргі таңда ол ұсталып, Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - дейді полиейлер.

Естеріңізге салайық, кешегі демалыс күні "Асыл Арман" тұрғынүй кешеніндегі пәтерден 17 жастағы қыздың мәйіті табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша оны өзінің жездесі зорлап, артынша өлтірген. Қазір сот-медициналық экспертиза тағайындалып, іс тергеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары