$ 448.89  477.93  4.76

Семейдегі жаңа ядролық медицина орталығы экологияға орасан зор зардабын тигізуі мүмкін

Экологияға Семейдегі жаңа ядролық медицина орталығынан қауіп төніп тұр деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Өйткені мердігерлердің салақтығынан радиоактивті қалдықтар кәріз жүйесіне құйылып кетуі мүмкін.

Мәселе сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау мен сақтаудың жаңа жүйесіне қатысты. Арнайы желдету жүйесін іске қосу жұмысы да аяқталмаған екен. Медициналық қондырғыларды орнату жұмыстарының басталмай жатқаны да сондықтан. Олқылыққа қатысты енді Денсаулық сақтау вице-министрі бастап келген арнайы коммиссия бес күннің ішінде шешім қабылдамақ. Ал оны ретке келтіру үшін жұмсалатын шығынды жергілікті әкімдік өтеуі тиіс. Естеріңізге салсақ, еліміздегі тұңғыш ядролық медицина орталығының құрылысы Семейде 2012 жылы басталған-ды. Оған 6 миллиард теңге жұмсалды. Содан бері талай уақыт өтсе де, мекеменің іске қосылуы 3-ші рет кекейінге қалдырылып отыр.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

- Құрылғының технологиясы талапқа сай келмейтіні бір қарағаннан-ақ көрініп тұр. Барлық радиоактивті қалдықтар кезең-кезеңімен кетуі керек. Ол қауіпсіз жағдайда болуы тиіс. Ал, біз бұдан ондайды көріп тұрған жоқпыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары