$ 498.34  519.72  4.85

Теракт кезінде Максим Арышев жарылыстың дәл ортасында болған - достары

Кеше Санкт-Петербургте орын алған лаңкестік оқиғаны ұйымдастыруға Қазақстан азаматы - 22 жастағы Максим Арышевтің еш қатысы жоқ, ол осынау оқиғаның құрбаны болды дейді Максимнің достары. Бұл туралы ресейлік "Фонтанка" порталы мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ өкілдері Қазақстан азаматының теракт жасауға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат таратқан болатын. Дегенмен, ҚР СІМ-нің ресми өкілі бұл ақпараттың дәлелденбегенін, Максим Арышевтің іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Максимнің достарының айтуына қарағанда, ол жарылыстың дәл ортасында қалып қойған. Сондықтан да оны жанкешті деп болжам жасап жатқандар көп. Оқиға орнында жұмыс жүргізген полицейлер қаза тапқан адамнан Қазақстан паспорты мен студенттік билет тапқан көрінеді. Достарының айтуынша, бұл адам Максим Арышевтің өзі.

"Ол әдеттегі бағыты бойынша жүрген. Петербургте бірнеше жылдан бері тұрып келеді, құжаттарының уақытын үнемі создыртып жүретін. Ашық-жарқын, ешқандай радикалды топтарға қатысы жоқ, оның теракт жасауы еш мүмкін емес", - дейді Максимеің достары мен туыстары.

Айта кетейік, қаза тапқандарды танып-білу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Максим болуы мүмкін деген адамның денесіндегі жарақаттардан оның жарылыстың дәл ортасында болғанын анық білуге болады. Туыстары әзірге студент жігітті іздестіріп жатыр. Жараланғандар арасында қазақстандық студент жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары