$ 498.34  519.72  4.85

Тасқын су Павлодар-Баянауыл тас жолын қиратып өтті

Баянауыл-Павлодар бағытындағы тас жол еріген қардың суынан опырылып түсті дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Абай Темірбаев.

"Павлодар мен Баянауыл арасындағы жол уақытша жабылды. Себебі бүгін таңғы сағат жеті кезінде Баянауыл ауданы Бірлік ауылы маңындағы жолдың астындағы құбырлар тасқын судың тебініне төтеп бере алмай жарылып кеткен. Су жолдың шамамен 30 метрдей бөлігін бұзып өтті. Оқыс оқиға орын алған жерге Павлодардан жеті арнайы техника жеткізіліп, жаңадан құбыр орнатылып жатыр. Әзірге тасқын судың беті әлі қайтқан жоқ. Сондай-ақ, топырақ төгілуде. Бүгін түнгі сағат он екіден бастап Павлодар-Баянауыл бағытындағы байланыс қайта қалпына келеді", - дейді Абай Темірбаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда төтенше жағдай орын алған өңірде облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов бастаған жұмыс тобы жағдайды жіті бақылауда. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен «Қазавтожол» АҚ Павлодар филиалының өкілдері де сол жерде жұмыс жүргізуде.

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары