$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында 7 жасар бала жалғыз өзі тауға кетіп қалған (ВИДЕО)

Алматы облысында 4 күн бойы із-түссіз жоғалған бала аман-есен табылды. Ол полицейлермен болған әңгіме барысында қыстаққа жалғыз өзі өзі адаспай барғанын айтқан деп жазады ҚазАқпарат.

Кішкентай бала қыстаққа жету үшін тау-тасты басып, суды кешіпті. Жолай кездескен екі ер азамат оған көмектескен екен.

«Барғым келді. Сол жаққа бардым, ол жақта ағалар бар екен. Ерлан, Андрей деген. Біреуі орыс, біреуі қазақ. Сол жақта жүрдім. Мал бар екен», - дейді жеткіншек.

Баланың айтуына қарағанда, ол бұл аймақта бұрын болмаған. Тауға шығып, жан-жағына көз жүгіртіп, артынша қыстақты көріп, сол жерге бет алғанға ұқсайды.

Қазір 4 күн бойы іздеуде болған Әбілқайыр Сейітжанұлына арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалған және баланы интернатқа өткізу жайы да талқыланып жатыр. Себебі, оның анасы жанында емес. Ал әкесі жалданып жұмыс жасайтын көрінеді.

Айта кетейік, баланың жоғалғандығы жөнінде хабар Алакөл аудандық ІІБ Қабанбай ауылындағы бөлімшесіне Әшім ауылының тұрғыны хабар берген. Алакөлдің полицейлерін аяғынан тік тұрғызған балақай Әшім ауылынан 3 шақырымдай жерде орналасқан қыстақтан табылды.

4 күн бойы жоғалған ұлды іздестіруге ауыл тұрғындары, мектепте істейтін жұмысшылар, әскери қызметкерлер мен 200-ге жуық еріктілер бір кісідей ат салысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары