$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да балықшылар із-түссіз жоғалып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында үш балықшы із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі. Суыт хабар құтқарушыларға 4 сәуір күні келіп түскен.

«4 сәуір күні сағат 13:05-те Созақта 1979, 1980 және 1986 жылы туған үш балықшының жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен аудандық әкімдік қызметкерлері бірге оларды іздестіруде. Іздеу шараларына 3 арнайы техника жұмылдырылды», — дейді ОҚО ТЖД-нің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.

Балықшыларды іздеу жұмыстары Шу өзенінің Созақ ауданындағы бөлігінде жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары