$ 498.34  519.72  4.85

Оралда көшеге шығып күйеу іздеген бойжеткенді полицейлер әкетіп қалды

Оралда қалыңдық көйлегін киген бойжеткен аяғына шаңғы байлап, Абай алаңына шықты. Қыз мойнына "Күйеу іздеумін" деген жазуы бар қағаз іліп алған. Алайда, күйеуден бұрын бойжеткенге полицейлер бірінші болып жолықты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бір адамдық пикетті ұйымдастырған қыздың жасы 23-те екен. Ол - Орал қаласының тұрғыны. Осындай жолмен қоғам назарын өзіне аударуды жөн санаған.

"Бұл оқиға 8 сәуір күні таңертең Абай алаңында орын алды. Бойжеткенді БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері ұстаған. Ол осылайша жұрттың назарын өзіне аудармақшы болыпты. Бір адамдық флешмоб ұйымдастырмақ болған", - дейді БҚО ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

Шаңғымен жүрген "қалыңдықты" полицейлер қамамаған, айыппұл да салмаған, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйіне қайтарыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары