$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысында кішкентай қызды көлік қағып өлтірді

Алматы облысында кішкентай қыз көліктің астына түсіп қаза болды деп жазады Tengrinews.kz. Жол апаты кешкі уақытта шамамен сағат 18.00-де Табаған-Бесағаш автожолында болған.

"Апат салдарынан Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі 2009 жылғы қызды қағып өлтірген. Оқиға орнына жедел қызметтегілер барды. Облыстық ІІД өкілдері қыздың Бесағаш ауылында тұрғанын айта отырып, бұл деректі растады. "Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары осы іске қатысты қажетті сараптамаларды тағайындаған облыстық тергеу басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары