$ 498.34  519.72  4.85

Астанадағы Министрліктер үйінің алдында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Астанадағы Министрліктер үйінің алдындағы Мәңгілік Ел көшесінде орын алған жол көлік оқиғасынан 43 жастағы ер азамат қайтыс болды деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға 11 сәуір күні түнгі сағат 22:00 шамасында орын алған. Жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен жүгіріп өтпек болған жаяу жүргіншіні Hyundai маркалы көлік қағып кетіп, ауыр жарақат салдарынан ер азамат сол жерде көз жұмды.

Көліктің тізгінінде 1988 жылы туған жігіт болған. Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғап, тиісті сараптамаларды жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары