Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші және екінші курс стунденттері жатақханада төбелесіп, салдарынан бір студент қайтыс болған. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"ҚазҰАУ-дің бірінші және екінші курст студенттері арасында түнгі сағат бірде жатақханада төбелес болған. Салдарынан 1999 жылы туған бірінші курс студенті қайтыс болды. Әзірге оның денесінен пышақ ізі немесе өзге де көзге көрінетін жарақаттар анықталған жоқ. Студент төбелес кезінде көз жұмған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді", - делінген аталған хабарламада.
Прокурорлардың мәліметінше, барлығы 10 студент төбелескен. Жәбірленушілердің бірі әлі кәмелет жасына толмапты. Төбелеске қатысқандардың барлығы кім екені анықталған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.