$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да арнасынан асқан Арыс өзеніне 25 жастағы жігіт ағып кетті

Шомылу маусымы басталмай жатып Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың суға ағып кету фактілері тіркеліп жатыр. Құтқарушылар жыл басынан бері 5 баланың тілсіз жау құрбаны болғанын айтуда.

10 сәуір күні Отырар ауданы құтқарушыларына «Ильич» елдімекенінде Арыс өзеніне 25 жастағы ер азаматтың ағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел 5 құтқарушы мен 1 техника келіп, су астында іздеу жұмыстарын жүргізген. Алайда, ауа-райының қолайсыздығы іздеу жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіріпті. Құтқарушылардың сөзінше, су әбден лайланған, ағыстың жылдамдығы 2м/с, су температурасы +7 градус.

11 сәуір күні мамандар қайықпен ағысқа қарай 30 шақырым аумақты шарлап шыққан. Алайда, іздеу жұмыстары нәтижесін бермепті. Су астын 5 сағат бойы іздеген сүңгуірлер де түк таппай жағаға қайта шыққан. Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары