$ 447.4  477.55  4.76

Алматыдағы Аграрлық университетте қаза тапқан студенттің кім екені айтылды

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында болған төбелестен қайтыс болған 17 жастағы бозбала Тараз қаласының тумасы Дидар Болысбек екені анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлап отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі болса тек тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана мәлімдеме жасайтындарын айтты.

"Білім және ғылым министрлігі болған оқиға жайлы біледі. Қазір мұнымен тергеу органдары айналысатын болады. Тергеу нәтижесі бойынша ресми жауап беріледі", - деді ҚР БҒМ баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, қаза тапқан студент - Тараз қаласының тумасы Дидар Болысбек. 17 жастағы студент Дидар Болысбектің әлеуметтік желілердегі парақшасында оған көңіл айтып жатыр. Ал "Вконтакте" желісіндегі парақшасында оның оқу орны Қазақ ұлттық аграрлық университеті, "Орман, жер ресурстары және жеміс- көкөніс шаруашылығы" факультеті екені көрсетілген.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары