$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында күдіктілер ер адамды ұрлап, Шымкенте апармақ болған (ВИДЕО)

Алматы-Бішкек тасжолының 29-шақырымында (Алматы облысында) полицейлер Lada көлігін тоқтатып, көліктің жүксалғышынан байлаулы жатқан ер адамды тапты. Оқиға 26 сәуірде кешкі уақытта болған деп жазады patrul.kz.

Жүргізушінің құжаттарын тексерген кезде оның жүйкесі сыр бере бастапты. Күдіктенген инспектор одан көліктің жүксалғышын ашуды талап етіпті. Алайда, жүргізуші бұл талапты орындамаған. Сол сәтте жүк салғыштан адамның айғайлаған дауысы естіліпті.

Басылымның мәліметінше, жүксалғышты ашқан кезде онда қол-аяғы пластикалық қамытқа байланған ер адам жатқан. Көліктегі барлық үш ер адам ұсталып, оқиға орнына Қарасай аудандық ІІБ жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған ер адамдардың екеуі Шымкентке бара жатқанын, ал үшінші ер адам болса жүксалғышта не жатқанын білмегенін айтады.

Тұтқында болған адам олармен таныс екенін айтып отыр. Оларда ортақ жұмыс болған екен. Бірақ нақты немен айналысқандарын айтпады. Ақшалай қарыздары бар болуы мүмкін.

"Ер адам Nexia көлігіне жанармай құйып жатқанда тұтқындалған. Таныстары оны салонға итеріп кіргізіп, тау жаққа алып кеткен. Сол жақта оны соққының астына алған. Содан оны жүксалғышқа салып, Шымкентке қарай алып кетпекші болған", - деді басылымдағылар. Енді полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары