$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда тасқын су үйлер мен әлеуметтік нысандарды шайып кетті

Алматыда толассыз жауған жауын салдарынан қаланың біраз бөлігін су шайып кетті. Үйлер мен әлеуметтік нысандар су астында қалған. Апаттың салдарымен қазір Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күресіп жатыр.

ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі таңда құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері тасыған суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр екен.

"Алматыда 28 сәуір күні түнгі сағат 00:15-те толасыз жауған жаңбыр салдарынан су тасып, 60 нысанды су шайып кетті. Олардың 11-і жеке үйлер, 37 аула мен үш көше және "Азия" базарының аумағы, "Алматы Оптика" дүкені, "Ботагөз" балабақшасы", - деді ол.

Су сору жұмыстарымен қазіргі таңда 50 адам мен 20 дана техника және 24 мотопомпа айналысып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары