$ 445.66  474.58  4.78

Оралда 2 баланың анасы із-түссіз жоғалып кетті

Оралда жас ана жоғалып кетті. Екі баланың анасы Жұлдыз Сисенова 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Богдановка ауылынан облыс орталығына кетіп, содан оралмаған. Бұл туралы "Мой Город" порталы хабарлап отыр.

"Таңғы 6-да ол біхге хабарласып, қалаға жұмыстарымен барып келетінін айтты. Балаларына қарай тұруымызды өтінді. Оның күйеуі Оралда жұмыс істейді. Біз сол күйеуіне кеткен шығар деп ойладық. Бірақ, ол кейін Жұлдызды мүлдем көрмегенін айтты. Оның ұялы телефоны өшірулі, мүмкін жоғалтып алған шығар", - дейді Жұлдыздың туыстары.

Жас ананың екі ұлы бар, үлкені - 4-те, кішісі небәрі 1 жас 4 айдан енді асқан.

"Кіші ұлының қазір тамағы ауырып қалды. Төртінші күн қатарынан анасын іздеп жылап жатыр", - дейді Жұлдыздың туысы.

Жоғалған келіншектің үстінде былғарыдан тігілген қоңыр түсті жеңіл куртка, түрлі-түсті юбка, аяғында балетка болған. Туыстары оны көрген-білгендер болса 8 (702) 665-53-45 телефон номеріне хабарласуды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары