$ 448.15  483.46  4.86

Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Астанада жаңа вокзал маңындағы қамыстар арасында кішкентай қызды зорламақ болған 48 жастағы күдікті қолға түсті. Бұл жайында елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Педофил кішкентай қызға зорлық көрсетіп үлгермеген көрінеді. Күдіктіні сол маңда жүрген жұмысшылар байқап қалып, дереу ұстап алған. Артынша, жұмысшылар оны бейнекамераға түсіріп, интернет желісі арқылы таратты. Кейін полицейлердің қолына тапсырыпты.

Күдіктінің жасы 48-де, бұрын сотталған. Ол ұсталып, қазір қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша, педофил ойнап жүрген кішкентай қызды алдап ертіп әкетіп, көзден таса жерге апарған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары