05.05.2017, 03:36

Шымкенттік автобус жүргізушісі жүргізуші куәлігін қалай сатып алғанын айтып берді (ВИДЕО)

Алматы мен Шымкент арасында жолаушылар тасымалдаумен айналысқан автобус жүргізушісі жалған жүргізуші куәлігімен жүрген. Кеше Алматы – Бішкек тас жолының 18-шақырымында полицейлерге ұсталған ол жалған құжатты сатып алғанын да жасырмай айтып берді деп жазады patrul.kz.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің аталған автобусты тоқтатуы бекер емес. Жолаушылар көлігінің артқы мемлекеттік номері болмапты. Мұның мән-жайын білмек болып полицейлер автобус жүргізушісін тексергенде, оның жүргізуші куәлігі тәртіп сақшыларының күдігін туғызыпты. Құжатта жүргізушіге қажетті 5 санаттың барлығы болған. Тексере келе жүргізуші куәлігінің жалған екені анықталды.

Жүргізуші көп ақталып тұрмапты, аталған құжатты ол "сенімді" адамдардан сатып алғанын мойындаған. Тіпті, Шымкентте мұндай куәліктерді сатып алу тым оңай екенін де айтқан.

Полицейлер оны Қарасай аудандық ІІБ-не жеткізіп, жолаушыларға толы автобусты өзге жүргізушісімен жібере салды.

Тегтер: видео