Астанадағы "Керемет" шомылу-сауықтыру орталығы сатылымға шығарылды. Мұндай жарнама "Крыша" порталында жарияланып отыр. Қаладағы ең ірі моншалардың бірі болып есептелетін осынау нысан Есілдің сол жағалауында орналасқан.
Монша кешенінің құны - 7,5 млрд теңге. Оның аумағы 18 мың шаршы метрді құрайды.
Айта кетерлігі, кейбір шетелдік туристтерге арналған сайттар "Кереметті" Астанадағы маңызды нысандардың тізіміне қосқан және туристерге баруға кеңес те береді.
Кешенде моншадан бөлек фитнес-орталық, SPA-салон, сұлулық салоны және өзге де сауытыру нысандары бар. Моншаның иесі өзгергенімен ондағы қызмет көрсету түрлері сол күйі қалады.