$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында ірі жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Ақмол олысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қайтыс болды деп жазады "Spŭtnik Казахстан" облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы Жақсы ауданында Алматы — Екатеринбур тас жолының 930-шақырымында 15 мамыр күні орын алған.

"Алдын ала болжам бойынша, Aŭdi-100 автокөлігінің жүргізушісі — 40 жастағы Жақсы ауылының тұрғыны Қостанайға қарай бара жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен және Renaŭlt Magnŭm көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлікте болған жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды", — дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жолдың ашық және құрғақ болғанын айтып отыр. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайтыс болған жүргізушінің бұған дейін жол ережесін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болып отыр. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі дін-аман. Жол көлік оқиғасы туралы хабарды полицияға да сол азамат берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары