ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында Қазақстанның қарыздары жайында айтып берді. Оның мәліметінше, еліміздің берешегі бүгінге дейін 12,3 триллион теңгеге немесе жалпы ішкі өнімнің 24,6 пайызына жеткен.
Дегенмен, бұл сомадан қорқудың қажеті жоқ дейді министр. Оның пікірінше, қарыз көлемі дабыл қағатындай деңгейге жетпеген және қазір басқаруға болатын жағдайда.
Сүлейменов сондай-ақ, мемлекет басшысының жолдауда айтқан макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау тапсырмасының орындалып жатқанын да айтып өтті.
"Әлемдік тауар және қаржы нарығында сақталып отырған тұрақсыздық біздің жасаған болжамымызды шектеуге итермелеп отыр. Жылдың басындағы 4 айда экономикада тіркелген өсім одан ары қарай да жалғаса береді деп айтуға болмайды. Ол үшін мемлекеттік аппараттың белсенді жұмыс істеуі керек", – деді министр.
Оның айтуынша, 2017 жылдың алғашқы 4 айында экономика салаларындағы өсім инфляцияның төмендеуіне әсер етіп отырған көрінеді. Жыл басынан бері инфляция 2,2%-ға өсіп, 92,7 млрд теңгені құраған.