$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның маңызды нысандарына қытайлық компаниялар кіре бастады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары барысында екіжақты бірнеше келісімге қол қойылғанын отандық БАҚ өкілдері кешеден бері жарысып жазып жатыр. Пекинде бірнеше мемлекеттің басшыларының басын қосқан «Бір белдеу, бір жол» форумынан кейін қытайлық ірі компаниялардың Қазақстандағы маңызды нысандар жұмыс істейтіні белгілі болды.

Солардың бірі - COSCO Shipping корпорациясы. Аталған компания мен Ляньюньган порты «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын бірлесіп дамытпақшы. Үшжақты келісімнің нәтижесінде «Қорғастың» 49 пайызы қытайлықтарға беріледі. Ал, қалған 51 пайызы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ-ның меншігінде қала бермек.

«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ төрағасы Қанат Алпысбаевтың айтуынша, бұл қадамға барудың басты мақсаты - 2020 жылға дейін контейнерлер ағынын ұлғайту, яғни санын 2 миллионға дейін жеткізу болып табылады екен. Енді жұмыс көлемі ауқымды болғандықтан Қазақстанға алдағы 3-4 жылда Қытай жұмысшылары көптеп келуі мүмкін.

Қытайлықтар тек «Қорғасқа» ғана емес, Қызылорда өңіріне де келеді деп күтілуде. Қаржысы талан-таражға түсіп, құрылысы тоқтап қалған Қызылорда шыны зауытын да ел билігі қытайлық компаниялардың қолына тапсырыпты. Зауыттың негізгі операторы болып табылатын "Orda Glass" ЖШС кеше Қытайдың Çina Triŭmph International компаниясымен келісімге отырған. Енді аталған компания құрылыс алаңындағы жұмысты қайта жандандырып, жыл соңына дейін зауытты іске қоспақшы.

Informbŭro.kz порталының жазуынша, Қытайлық инвесторлар құрылыс жұмыстарын бітіріп беруге келісімін берген. Келісімшарттың өзге шарттары туралы "Бәйтерек" холдингі жақ ашпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары