$ 444.32  473.33  4.76

Ақтауда бірнеше адам жабылып ер адамды соққыға жығып, артынша пышақтап тастады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода бір топ жас жігіт ер адамды соққыға жыққан. Салдарынан жәбірленуші пышақ жарақатын алып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.

Басылымның берген мәліметіне сүйенсек, оқиға 22 мамырда болған. Бейнежазбада бірнеше жігіт жабылып, ер адамды ұрып соғады. Бірнеше секундтан соң ер адам құлап түседі де, шабуылдаушылар қашып кетеді, өтіп бара жатқан жүргізушілер зардап шеккен адамға көмектеспек болады.

Аурухана дәрігерлерінің сөзіне сүйенсек, ер адам екі санынан пышақ жарақатын алған, қазір ауыр хәлде жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары