$ 447.4  477.55  4.76

Талдықорғанда санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 6 мыңнан астам адамға онлайн режимінде түсіндірілді

Алматы облысында онлайн режимде 6264 азаматқа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Шара барысында балалардың жазғы сауықтыру демалысы кезінде өзара әрекеттесу бойынша өзекті мәселелер, жаппай тағамнан улану мен жіті ішек ауруларының, кене энцефалитінің алдын алу шаралары туралы айтылды.

Сонымен қатар,  жаңа 2017/2018 оқу жылына қажетті және уақтылы шараларды өткізу, Астанадағы ЭКСПО көрмесіне жолданатын ұйымдасқан балалар топтарын қауіпсіз жеткізу, медициналық бақылау туралы хабарландырылу таратылған.

Шараны ұйымдастырған Алматы  облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен білім беру басқармасы.

«Талдықорған қаласындағы облыстық жаңа ақпараттық технологиялар орталығы базасында интерактивті жүйе қолға алынғалы біраз болды.  Осыған орай, облыстың 173 мектеп басшылығы, 19 аудан, қалалардың білім бөлімдері, сауықтыру лагерлердің басшылығы,  аудандық, қалалар денсаулық сақтау ұйымдарының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізіліп отыр», - дейді, облыстық білім беру басқармасының басшысы Л.Базарқұлова.

Д.Жұмақұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары