25.05.2017, 08:55

Әсет Исекешев Астанадағы 63 лифтті жөндеуді тапсырды

Елордада лифтілердің апатты тоқтауы жағдайлары жиілеп кеткендіктен қала әкімдігінде Әсет Исекешевтің төрағалығымен жиналыс өтті деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Жиналыс барысында әкім лифт шаруашылығындағы негізгі мәселелерге назар аударды. Оның бастысы ПИК-тің тиімсіз жұмысы болып табылады. Заң бойынша лифт компанияларын таңдауда ПИК әр тұрғынмен келісу керек және соның негізінде жалпы шешім шығаруы тиіс. Алайда көптеген ПИК өздері тәжірибесі жоқ лифт компанияларын таңдайды. Лифтілерге қызмет көрсету бойынша лицензиялаудың алып тасталғаннан кейін лифт шаруашылығында кәсіби мамандары жоқ лифт мекемелерінің қызмет көрсетуі жиіліп кеткен. Қазір қалада 69 компания жұмыс істейді. Бірақ лифт компаниялары Қауымдастығының мәліметі бойынша, оның 10-ы ғана тиісті құзіретке ие.

- ПИК тарапынан бақылау болмағандықтан және лифт мекемелерінің тиісті жұмыстарды жүргізбегендігінен қалада «Эдем Палас 1, 2», «Айя», «Успех» секілді тұрғын-үй кешендеріндегі лифтілердің апатты тоқтау жағдайлары орын алды, - деп атап өтті Әсет Исекешев.

Әкім лифт құрылғыларына жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтіндігіне де тоқталды:

- Жоспарлы жұмыстар пайдалану мерзімінде кем дегенде 2 рет өтуі тиіс, алайда ондай жұмыстар жүргізілмейді. Салдарынан лифтілер сынады. Заңға сәйкес, бұл жұмыстарды ПИК осы мақсатта қаражат жинау бойынша жиналыс өткізуге міндетті. Егер тұрғындар ортақ мүлікті ұстауға ақша шығаруға келіспеген жағдайда ПИК мәселені сот тәртібі аясында шешуі тиіс. Сонымен қатар, қалада құрылыс салушылардың жауапсыздығынан 23 лифт іске қосылмаған.

Жиналыс қортындысы бойынша Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев кешенді шаралар қолдану туралы тапсырма берді:

- Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасы прокуратурамен бірігіп ведмоствоаралық топпен қаладағы барлық лифт мекемелерге жаппай тексеріс жүргізсін. Жөндеу жұмыстаран жүргізу және лифтілерді ауыстыру кестесімен лифтілер реестрін жүргізу қажет. «Аймақтарды дамыту бағдарламасы» аясында істен шыққан 63 лифтібойынша келесі механизмдер бойынша: 70% - несие, 30 % - МЖС арқылы лифт компаниялары қаражат бөлінсін. Іске қосылмаған 23 лифт бойынша анализ жасап, оларды орнату бойынша қаражат қарастырылсын. Қаланың ТЖД және ІІД лифтілердің жағдайына қатысты түсетін барлық дабылдарға жедел әрекет етсін. Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасы лифт Қауымдастығымен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп адамдар өміріне қауіп төндіретін мамандандырылмаған компаниялар жұмыстарын шектеу бойынша өзгертулер дайындасын.

Бүгінгі таңда Астанада 6577 лифт тіркелген. Оларға 69 мамандандырылған мекеме қызмет көрсетеді. Оның ішінде тұрғын-үйлерде - 4879, әкімшілік ғимараттарда – 1728 лифт бар. Бүгінде 63 жеделсатының пайдалану мерзімі өтіп кеткен, 23 лифт үйлерді тапсырғаннан бері іске қосылмаған.

Егер лифт құрылғысы жұмысында мәселелер туындаса, «109 кезекшілік қызметі» ММ-не 109 номері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Барлық сұрақтарды Астана қаласы әкімінің ресми сайтындағы «Әкімге өтініш» бөлігінде қоюға болады.