$ 498.34  519.72  4.85

Жетісулық жастар темекіге қарсы акция өткізді (ФОТО)

Талдықорғанда Республикалық деңгейде алғаш рет «Өзімнен бастаймын!» ұранымен шылым шегуді төмендету және оны шектеуге, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын «Темекі – даму үшін қауіпті» атты акция өтті.

Акция барысында медицина саласының қызметкерлері жиналған халыққа темекінің зиянын айтып түсіндірсе, ерікті азаматтар салауатты өмір салтын насихаттайтын парақшалар таратты. Сондай-ақ, флэш-моб ұйымдастырып, қала тұрғындарын сұрақ-жауапқа тартты. Жалпы, шараға барлығы 150 адам қатысқан.

«Аталған акцияның негізгі мақсаты – шылым шегумен күресуге кең ауқымды қоғамды ынталандыру, немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осы шараға қатысуға шақыру. Бүгінгі шарамыз тек бастама ғана. Алдағы уақытта біз осы бағытта жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді Алматы облысы Денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Нұржан Олжабаев. 

Айта кетерлігі, шараға белсенді атсалысқан азаматтарға қалалық «Life Fitness», «Titan», «Hammer», «Master фитнес», «Фитнес Plus» фитнес-орталықтарына тегін абонементтер сыйланды. Шараның ұйымдастырушылары Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұсынысымен Талдықорған қаласы тұрғындарына фитнес орталықтарына 15-30% арнайы жеңілдіктер қарастырылғаны туралы хабарландырылды.

Алдағы уақытта халықтың денсаулығын нығайтуға арналған шаралар жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары